Жаңалықтар архивы

18 қараша, 2020
420

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді

1 Фото

2020 жылдың 18 қарашасында ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОРЭМ» АҚ мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:

  • ҚР ЕЭҚ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатына болжамдық сұраным  – 5 178,91 МВт, оның ішінде ҚР ЕЭҚ Солтүстік аймағы бойынша – 3 943,82 МВт және ҚР ЕЭҚ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 235,09 МВт;
  • ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 900 МВт;

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тариф – айына 590 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз).

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 21 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 5 178,91 МВт, құрады, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 4 777,91 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 401МВт. Сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер саны 21 құрады.  Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа бағасы айына 589,91мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Энергия өндіруші ұйымдардың сауда жүйесіне берілген өтінімдерінің жиынтық көлемі 5875 МВт құрады.

ҚР БЭЖ қуаттылығымен сауда-саттық көлемінің тапшылығына байланысты, ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша сатып алынатын қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі 696,09 МВт құрады.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерімен Сіз осында таныса аласыз (мәмілелер тізілімі).

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің және «ҚЕАО» ЖШС өкілдері қатысты.