Жаңалықтар архивы

14 қараша, 2019
337

Назар аударыңыз! Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу күнін ауыстыру!

1 Фото

Құрметті электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысушылар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің шешімі негізінде «КОРЭМ» АҚ Сізді электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын 2019 жылдың 28 және 29 қарашасына ауыстыру туралы хабардар етеді.

2019 жылдың 28 қарашасында сағат 10.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілетін болады.

2019 жылдың 29 қарашасында ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізіледі:

  • сағат 10.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша;
  • сағат 16.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша бірлескен сауда-саттық.

«КОРЭМ» АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (7172) 690706, +7 (7172) 690726.

Шарт жасасу мәселелері төмендегі нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (7172) 690731, +7 (7172) 690732.

2019 жылғы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу кестесін қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.