Жаңалықтар архивы

20 қыркүйек, 2023
138

«ЭҚРҚО» АҚ-да Оңтүстік Корея делегациясымен кездесу өтті

2 Фото
2 Фото

2023 жылғы 18 қыркүйекте «Электр энергиясы мен қуаты нарығының операторы» АҚ Оңтүстік Кореядан - Korea District Heating Company (KDHC) делегациясын қабылдады.

KDHC – Кореяның орталықтандырылған жылумен жабдықтау корпорациясы ағымдағы жылдың 17-20 қыркүйек аралығында Қазақстанға іссапармен келді. Үш адамнан тұратын бастапқы құрамдағы Делегация «ЭҚРҚО» АҚ кеңсесіне барды.

Кездесу барысында «ЭҚРҚО» АҚ Басшылығы компанияның қызметін таныстырды, компанияның қазақстандық электр энергиясы нарығындағы рөлі, сауда түрлері, компанияның функциялары, электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу жөніндегі сауда алаңы, сондай-ақ ағымдағы жылы енгізілген жаңа функция - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы туралы әңгімеледі. Сауда жүйесімен таныстырды.   

Тараптар, генерацияны дамыту, стандарттау саласындағы қазақстан-корей қатынастарын дамыту болашақ жоспарларын, сондай-ақ көмірқышқыл газы шығарындыларына квоталар саудасын ұйымдастырудағы ынтымақтастықты талқылады.

Кездесу жылы және достық күйде өтті.