Жаңалықтар архивы

22 мамыр, 2023
180

«ЭҚРҚО» АҚ алаңында Дүниежүзілік банк командасымен кездесу өтті

2 Фото
2 Фото

2023 жылғы 19 мамырда «ЭҚРҚО» АҚ алаңында Орталық Азияда электр энергиясының өңірлік саудасын ұйымдастыру мәселесі бойынша Дүниежүзілік банк командасымен кездесу өтті.

Дүниежүзілік Банктің зерттеу туры аясында миссиямен Орталық Азия мамандары құрамындағы топ келді.

Кездесу барысында Дүниежүзілік банк өкілі Орталық Азия елдері арасында электр энергиясы саудасын дамыту мақсатында екі кезеңдік жұмыстар жүргізу туралы айтты.

1 кезең: аймақтар бойынша модельдер құру және трансшекаралық инфрақұрылымды зерттеу үшін модельдеу жүйелерін қолдана отырып электр энергиясын өндіру және беру бойынша шеберлік жоспарын әзірлеу;

2 кезең: халықаралық консалтингтік компания арқылы шекара маңы инфрақұрылымын түгендеу процесі іске қосылды, ол кейіннен ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерге және электр энергиясы саудасы бойынша нарықтың дамуына әкеледі. 

Өз кезегінде Қоғам басшылығы Қазақстандағы электр энергиясының көтерме сауда нарығын алдағы реформалау туралы айтып берді. Нарықтың жаңа моделі көршілес Орталық Азия мемлекеттеріне пайдаланылмаған электр энергиясының көлемін экспорттауға сауда-саттықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, келешекте шарттық негізде Қоғам Орталық Азия елдері үшін өңіраралық электр энергиясы саудасын дамыту мәселелерін шешу кезінде сарапшыларды ұсынуға дайын екендігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ағымдағы мәселелер бойынша пікір алмасты.