Біз жайлы

«ЭҚРҚО» АҚ миссиясы

Біз тұтынушылардың, клиенттердің, серіктестердің және қызметкерлеріміздің өмірін жақсартуға ұмтыламыз, елдің электр энергетикасы саласында ең үздік сервисті ұсынып, электрондық цифрлық құралдарды енгізу мен кеңейтуді қамтамасыз етеміз.

«ЭҚРҚО» АҚ көзқарасы

Тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді және қауіпсіз қамтамасыз етуді арттыру мақсатында электр энергетикасы субъектілеріне сапалы қызмет көрсететін клиентке бағдарланған компания.

«ЭҚРҚО» АҚ функциялары

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 20.03.2015 жылғы №226 бұйрығына сәйкес, "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" акционерлік қоғам Орталықтандырылған сауда нарығының операторы болып белгілінген, осыған сәйкес, Қоғам:

1) спот - сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;

2) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзуiне тең жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi;

3) сауда-саттыққа қатысушылар, энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушының берген өтінімдері (беру күні мен уақыты, бағасы, көлемі) туралы ақпаратты және сауда-саттық нәтижелерін (мәмілені жасасу күні мен уақыты, бағасы, көлемі, құны, мәміле тараптары) қамтитын электр энергиясы мен қуаты сауда-саттығының қорытындыларына ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

4) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған саудасының ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келуiн айқындайды;

5) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр энергиясын сатып алу-сату жөнiнде жасалған мәмiлелердi тiркеу мен есепке алуды жүзеге асырады;

6) өз құзыретi шегiнде электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерiн орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтiк бағалары жөніндегі ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етедi;

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 06.06.2023 жылғы №211 бұйрығына сәйкес, "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" акционерлік қоғам Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы болып белгілінген, осыған сәйкес, Қоғам:

1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілерімен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарттарын жасасады;

2) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуды жүзеге асырады;

3) уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесін теңгерімдеудің әрбір аймағы шеңберінде теңгерімдеуші электр энергиясын сатуға және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алуға сағаттық орташа өлшемді бағаларды есептеуді жүзеге асырады;

4) операциялық сағаттың қорытындылары бойынша теңгерімдеуші нарықта аукцион бағалары туралы ақпараттың қолжетімділігін үздіксіз қамтамасыз етеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімдеуші электр энергиясы мен теңгерімсіздіктерінің сағаттық көлемдерін есептеуді жүзеге асырады;

6) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және теріс теңгерімсіздіктерге шекті тарифті айқындайды;

7) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен теңгерім провайдерлерінің тізбесін қалыптастырады;

8) уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша теңгерімдеуші нарықтың барлық субъектілерімен қосылу шартын жасасады;

9) қосылу шарты шеңберінде теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергиясын және теңгерімдеуші нарықтағы теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу (сату) жөніндегі міндеттемелер бойынша өзара есепке жатқызуларды жүзеге асырады;

10)Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 07.08.2021 жылғы №280 бұйрығына сәйкес, "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" акционерлік қоғам Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып белгілінген, осыған сәйкес, Қоғам:

1)  аукциондық саудаларды ұйымдастырады және өткізеді;

2)  аукциондық саудаларды өткізуге арналған сауда жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

3)  аукциондық саудаларды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен регламенттерді әзірлейді және бекітеді;

4)  сауда қатысушыларына аукциондық саудаларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

5)  сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша қатысушы қызметкерлерге нұсқаулық өткізеді;

6)  аукциондық саудаларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша уәкілетті органмен және есеп-айырысу қаржы орталығымен өзара әрекеттеседі;

7)  ресми интернет-ресурста аукцион жеңімпаздарының тізілімін жариялайды.