Директорлар кеңесі

Есімханов Сұңғат Қуатұлы

Директорлар Кеңесінің Төрағасы

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Павлодар индустриялық институты, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институты. 

Маңсап:

1996-2000 жылдары «Алюминий Қазақстан» АҚ-да Еңбекті қалыптастыру бойынша инженер, экономист болып жұмыс істеді. 

2001-2004 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінде жетекші маманның м.а., бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.  

2004-2007 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымдарында жұмыс істеді, әр жылдары Маңғыстау және Қарағанды облыстары департаменттерінің директоры лауазымдарын атқарды.

2008 ж. — «Қаныш Сатпаев атындағы арна» РМК бас директорының орынбасары. 

2008-2010 жылдары — Павлодар облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а., басқармасы басшысы. 

2010-2013 жылдары — «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті. 

2013-2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының м.а., департамент директоры

2014-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасы.

2018-2020 жылдары — Вице-министр энергетики РК. 

2020-2021 жылдары —  Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары. 

2021-2022 жылдары — «Самұрық-Энерго» АҚ  басқарма төрағасы.

2022 жылдан 2023 жылғы 19 желтоқсанға дейін — ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы. 

2023 жылғы 19 желтоқсанда ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 05 қаңтардан бастап «ЭҚРҚО» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып табылады.