Басқарма
Доронин Алексей Валерьевич
Стратегия және қызметті қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор - Басқарма мүшесі
Білімі, мамандығы, лицензиялары:
- Қазақ ұлттық техникалық университеті, мамандығы инженер-электрик (1996);
- Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, MBA іскерлік әкімшілендіру шебері (MBA) (2013).
Еңбек өтілі:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық ақпараттық-есептеу орталығы АБЖ бөлімінің 1 санатты техникі (1991);
- «ЛИПТЕКК» ЖШС бағдарламалық жасақтама инженері (1996-1997);
- Алматы энергетика және байланыс институтында машықтанушы-зерттеуші (1997-1998);
- «KEGOC» АҚ Экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы (1998-2001);
- «КОРЭМ» ЖАҚ талдау және болжау бөлімінің бастығы (2001-2004);
- «КОРЭМ» АҚ дамыту және талдау бөлімінің бастығы (2004-2010);
- «КОРЭМ» АҚ қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы (2010-2011);
- «КОРЭМ» АҚ қаржы-экономикалық департаментінің директоры (2011-2013);
- «КОРЭМ» АҚ Басқарма Төрағасының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары (2018-2021);
- Стратегия және операцияларды қолдау жөніндегі басқарушы директор – «ЭҚРҚО» АҚ Басқарма мүшесі (2022 ж. шілдеден бүгінгі күнге дейін).
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар және мерейтойлық медальдар:
- Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің көтермелеу грамотасы;
- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ көтермелеу грамотасы;
- Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған үкіметтік медаль.