Қызметтер
«КОРЭМ» АҚ көтерме сауда нарығының субъектілеріне және барлық мүдделі тұлғаларға қызметтің төрт түрін көрсетеді:
- электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу;
- сауда жүйесінің электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету.
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет мыналарды қамтиды:
- «бір күн бұрын» режимінде электр энергиясының күнделікті орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және өткізу;
- спот - сауда-саттықта электр энергиясын сатып алу-сату бойынша жасалған мәмілелерді тіркеу және есепке алу;
- орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
- орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастырумен және өткізумен байланысты мәселелер бойынша Жүйелік оператормен және Бірыңғай сатып алушымен өзара іс-қимыл жасау.
«КОREМ» АҚ - ның электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметін электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі-орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушы 2024 жылғы 27 қыркүйектегі жобаланатын бағаны шекті баға деңгейіне дейін төмендету туралы №32-10-11/1249 мотив дәлелді қорытындыға сәйкес 1 кВт*сағ үшін 0,004 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде электр энергиясын сатып алуға-сатуға сауда жүйесінде тіркелген мәмілелер көлемінен төлейді.
Сауда жүйесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет өзіне мыналарды қамтиды:
- электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргізу үшін сауда жүйесін тұрақты жұмыс жағдайында ұстау;
- электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу үшін өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін айқындау;
- электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтік бағалары жөніндегі ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз ету;
- электр энергиясының көтерме сауда нарығының қатысушыларына сауда жүйесімен жұмыс бойынша нұсқама өткізу;
- электр энергиясы нарығының мониторингі;
- көтерме сауда нарығының субъектілеріне екі жақты шарттар жасасу бойынша ақпараттық жәрдем көрсету.
«КОРЭМ» АҚ сауда жүйесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге дайындығын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметіне 2024 жылғы 27 қыркүйектегі жобаланатын бағаны шекті баға деңгейіне дейін төмендету туралы №32-10-11/1249 мотив дәлелді қорытындыға сәйкес, 2018 жылғы 1 мамырдан бастап электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу және сату көлемдерінен 0,0063 теңге/кВт*сағ мөлшерінде
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет мыналарды қамтиды:
- сауда-саттыққа қатысушыларды электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында тіркеу;
- электр қуатының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және жүргізу;
- орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларға сауда жүйесімен жұмыс бойынша нұсқама жүргізу;
- электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық жүргізу үшін сауда жүйесін тұрақты жұмыс жағдайында ұстау.
«КОРЭМ» АҚ-ның электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметіне электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар ҚҚС-сыз 2 000 000 (екі миллион) теңге сомасында төлейді.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет мыналарды қамтиды:
- жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда - саттыққа қатысушыларды тіркеу;
- жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу;
- жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысушының сауда-саттық операторларына нұсқама өткізу;
- жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу үшін сауда жүйесін тұрақты жұмыс жағдайында ұстау.
"КОРЭМ" АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметін аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар: микрогенерация үшін (0,1-ден 1 МВт-қа дейін) - 499 603 теңге (ҚҚС-сыз), шағын генерация үшін (1 - ден 10 МВт-ты қоса алғанда) - 749 404 теңге (ҚҚС-сыз), ірі генерация үшін (10-нан жоғары МВт) - 2 000 000 теңге (ҚҚС-сыз) сомада төлейді.