Оқыту
Энергия өндіруші ұйымдарға арналған арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу үшін Сіздің кәсіпорныңыздың қызметкерлері «KOREM» АҚ-ның Электрондық сауда жүйесінің демо-нұсқасында жұмыс істеу бойынша оқудан өте алады..
Оқудан өту үшін Сіздің кәсіпорныңызға мыналар қажет:
- «KOREM» АҚ-ға қашықтан оқуға жіберілетін кәсіпорын қызметкерлерінің тізімін көрсетіп, хат жіберу: Энергия өндіруші ұйымдарға арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы бағдарламасы бойынша.
- Оқудан өтуге шешім қабылдаған қызметкерлер Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларымен танысуы қажет.
- Қашықтан оқу өз қызметкерлерін оқытуды қалайтын КБН субъектісінің сұрауы бойынша өткізіледі. Оқыту электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу шарты жасалған шеңберде тегін негізде жүргізіледі.
Энергия өндіруші ұйымдарға арналған орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу тәртібі:
Жүйелік оператор орталықтандырылған сауда нарығының операторына ЭЦҚ көмегімен қол қойылған электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдардың тиісті шекті тарифтері бойынша сауда сессиясына қатысуға өтінімдер түрінде көрсетілетін, сатуға қойылатын қуаттардың сағаттық көлемдерін көрсете отырып, энергия өндіруші ұйымдардың тізімін автоматтандырылған режимде ұсынады.
Жүйелік оператор орталықтандырылған сауда нарығының операторына операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат 11:10-ге (Астана уақыты бойынша) дейінгі мерзімде ЭЦҚ көмегімен қол қойылған мынадай ақпаратты автоматты режимде ұсынады:
1) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында жабуға жоспарланатын ҚР БЭЖ аймақтары бойынша электр энергиясын тұтынудың сағаттық шамасын;
2) электр энергиясын сатудың ең аз және ең жоғары рұқсат етілген көлемінің сағаттық мәндерін (ҚР БЭЖ-нің әрбір энергия торабы бойынша).
Бұл ретте сауда-саттыққа қатысушылардың жүйелік оператордан ақпарат алған сәттен бастап сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінімнің техникалық параметрлерін толтыру мүмкіндігі бар.
Сауда-саттықтың ашылуы
Электр энергиясын сатуға өтініш берудің негізгі уақыты
Ашық сауда сессиясы барысында энергия өндіруші ұйымдар қажет болған жағдайда бұрын берілген өтінімнің орнына өтінім беру жолымен берілген өтінімдегі ақпаратты өзгерте алады.
Өтінімдерді қабылдауды тоқтату
Электрондық сауда жүйесі сатуға өтінімдерді қабылдауды 50 секундқа тоқтата тұрады және осы уақыт ішінде сатуға берілген өтінімдер негізінде энергия өндіруші ұйымдар үшін орталықтандырылған сауда-саттықтың алдын ала қорытындыларын көрсетеді. Содан кейін сатуға өтінімдерді қабылдауды операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің 11-50 сағатына (Астана уақыты бойынша) дейін жалғастырады.
Жүйелік оператордың электр энергиясын өндірудің/тұтынудың тәуліктік кестесін бекітуі.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электрондық поштаны қолдана отырып, сауда-саттыққа қатысушыларға және бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелерді, операциялық тәуліктің әр сағатында мәмілелердің белгілі бір бағаларын, сауда-саттыққа қатысушылар сатқан электр энергиясының көлемін көрсете отырып, өткізілген орталықтандырылған сауда-саттықтың нәтижелері туралы хабарлама жібереді.