Комплаенс офицері
«KOREM» АҚ-та комплаенс-офицер лауазымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың сақталуын және үздік халықаралық тәжірибелердің қолданылуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру, ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіру, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында енгізілген.
Комплаенс-офицер өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 384 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс туралы» бұйрығын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Қоғамның Жарғысын, Қоғамның Іскерлік әдеп кодексін, Қоғамның комплаенс-офицері туралы ережесін және Қоғамның комплаенс саясаты мәселелерін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Комплаенс-офицер Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктермен және ресурстармен қамтамасыз етілген.
Қоғамның Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 04-01/6 хаттамалық шешіміне сәйкес Қоғамның комплаенс-офицері болып Баймұратұлы Болат тағайындалды.
Сенім телефоны:
+7 (7172) 982-990, +7 707 700 0881
Электрондық пошта:
hotline@korem.kz, baimuratuly@korem.kz
Егер сіз «KOREM» АҚ қызметінде:
• сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе мүлікті жымқыру фактілерінің;
• бақылау, қадағалау немесе сатып алу рәсімдерін жүргізу кезіндегі бұзушылықтардың;
• лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануының немесе асыра пайдалануының;
• «KOREM» АҚ-қа материалдық залал келтіруі немесе оның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттердің куәгері немесе жәбірленушісі болсаңыз,
бұл туралы сенім телефоны арқылы хабарлай аласыз. Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі.
Анонимді хабарламалар ресми түрде қарауға жатпайтынына назар аударамыз, алайда олар тексеріледі. Қылмыс туралы анонимді хабарлама өздігінен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға негіз болып табылмайды.
Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call - орталығы-1424