Біз туралы
«Қазақстандық электр энергиясы мен қуаты нарығының операторы» акционерлік қоғамы («KOREM» АҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 606 «Электр энергиясы мен қуатының көтерме нарығының тиімділігін арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оны дамыту және тиімділігін арттыру мақсатында құрылды.
Миссия
«KOREM» АҚ серіктестеріне сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуге ұмтылады, электрондық цифрлық құралдарды енгізуді және олардың қолданылу мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Көзқарас
Электр энергиясы нарығында бәсекелестік ортаның дамуын қамтамасыз ететін, оның институционалдық негіздерін қалыптастыруға белсенді қатысатын және электр энергетикасы саласын одан әрі реформалауда жетекші рөл атқаратын тұтынушыға бағдарланған компания болу.
«KOREM» АҚ келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Бір жылдық мерзімге электр қуаты бойынша орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.
- Электр энергиясының спот-саудасын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.
- Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін электр энергиясын өндіруші қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырады және өткізеді.
- Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа объектілерді салу жобаларын іріктеуге бағытталған аукциондық сауда-саттықты электрондық жүйеде өткізеді.
- Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуды жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімдеуші электр энергиясы мен теңгерімсіздіктерінің сағаттық көлемдерін есептеуді жүзеге асырады.
- Уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің әрбір теңгерімдеу аймағы шеңберінде теңгерімдеуші электр энергиясын сатудың және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудың сағаттық орташа өлшенген бағаларын есептеуді жүзеге асырады.
- «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының өзге де функцияларын жүзеге асырады.
- Теңгерімдеуші электр энергиясына және теріс теңгерімсіздіктерге арналған шекті тарифтерді айқындайды.