Электр қуатымен сауда-саттық
«KOREM» АҚ жыл сайын отандық энергия өндіруші көздердің негізгі жабдықтарының техникалық жай-күйін қолдауға қосымша инвестициялар тартуын қамтамасыз ету мақсатында электр қуаты бойынша орталықтандырылған сауда-саттық өткізеді.
Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу мақсатында "KOREM" АҚ электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызмет көрсетеді, оған мыналар кіреді:
- сауда-саттыққа қатысушыларды электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында тіркеу;
- электр қуатының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және жүргізу;
- орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларға сауда жүйесімен жұмыс бойынша нұсқама жүргізу;
- электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық жүргізу үшін сауда жүйесін тұрақты жұмыс жағдайында ұстау.
«КОРЭМ» АҚ-ның электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметіне электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар ҚҚС-сыз 2 200 000 (екі миллион екі жүз мың) теңге сомасында төлейді.
Электр қуаты бойынша сауда-саттық сауда-саттыққа қатысушылар (Бірыңғай сатып алушы мен энергия өндіруші ұйым) арасында арнайы электрондық сауда алаңында жалпы қабылданған биржалық қағидаттар мен заманауи интернет-технологияларды қолдана отырып мәмілелер жасасуға арналған.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы біржақты аукцион нысанында өткізіледі. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (ҚР БЭЖ) әрбір аймағы бойынша жеке өткізіледі (ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы, сондай-ақ ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары).
Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер нарық операторы бекіткен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу кестесіне сәйкес сауда сессиясы ашылғаннан кейін қабылданады. Көрсетілген кесте Қоғамның интернет-ресурсында орналастырылған.
Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді беру интернет желісі арқылы жүзеге асырылады.
Электр қуатының дайындығын ұстап тұру қызметін көрсету кезеңі бір күнтізбелік жылды құрайды.
Электр қуаты бойынша сауда-саттық қорытындылары бойынша мәмілелер жасалады. Осы мәмілелердің негізінде сауда-саттыққа қатысушылар сатуға берілген өтінімдерде көрсетілген бағалар бойынша электр қуатының дайындығын ұстап тұру қызметін көрсету туралы шарттарды өзара дербес жасасады.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша мыналар айқындалады:
- сатып алынған (сатылған) электр қуатының көлемі;
- сатуға берілген өтінімдері сауда-саттық көлеміне енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың тізбесі.