Жаңадан пайдалануға енгізілетін маневрлік генерация режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер көрсету туралы шарт жасасу үшін:
«KOREM» АҚ-ның Электрондық сауда жүйесінде тіркелу қажет.
Сауда жүйесіне мынадай заңды құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:
• заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
• Жарғының көшірмесі;
• заңды тұлғаның бірінші басшысын тағайындау туралы заңды тұлғаның тиісті органының шешімінің көшірмесі;
• өкілге берілген сенімхат (егер мүдделерді бірінші басшы емес тұлға білдіретін болса);
• заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат (банк деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы).