Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері жүйелік оператор қалыптастыратын көтерме электр энергиясы нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген көтерме электр энергиясы нарығының субъектілері болып табылады.
Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен (ТН ЕАО) шарттар жасасуға жүйелік оператордың заңды тұлғаны көтерме электр энергиясы нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізуі негіз болып табылады.
ТН ЕАО мен субъект арасында міндетті түрде мынадай үлгілік шарттар жасалады:
Шарттарды жасасу үшін субъект ТН ЕАО-ға өтініш нысаны бойынша жүгініп (өтініш үлгісі), төмендегі құжаттар топтамасын ұсынады:

• ұйым жарғысының көшірмесі;

• ұсынылған күнге өзекті заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

• бірінші басшыны тағайындау туралы шешімнің (бұйрықтың) көшірмесі;

• мәмілені мақұлдау туралы шешімнің көшірмесі (егер бұл заңнамада немесе ұйымның жарғысында көзделген болса);

• құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген өкілге берілген сенімхат (қажет болған жағдайда);

• қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қойылғанын немесе ҚҚС-тан босатылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

• банктік деректемелер және ұйымның деректемелері.

Назар аударыңыз! Сенімхатта және субъектінің жергілікті актілерінде мәміле сомасына, шарттарға қол қоюға, өкілдің әрекеттерінің басқа құжаттарға сәйкестігіне немесе заңдық тұрғыдан анықталмаған өзге де талаптарға қатысты қандай да бір шектеулер болмауға тиіс.

ТН ЕАО-мен шарттарды төмендегі тәсілдердің бірі арқылы жасауға болады:

• Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық түрде;

• «KOREM» АҚ-ның ресми ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде;

• қағаз жеткізгіште.

ТН ЕАО-мен жасалған шарттар мынадай жағдайларда бұзылады: 

• субъектінің көтерме электр энергиясы нарығы субъектілерінің тізбесінен шығарылуы;

• шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы;

• субъектінің банкрот деп танылуы;

• нарыққа қатысуға негіз болған мемлекеттік орган актісінің өзгертілуі немесе күшінің жойылуы.

Шартты бұзу тәртібі:

• субъект көтерме электр энергиясы нарығы субъектілерінің тізбесінен шығарылған жағдайда ТН ЕАО шартты бұзу туралы екінші тарапты 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

• қалған барлық жағдайларда тараптар шартты бұзу күніне дейін кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын бір-бірін хабардар етуге міндетті.

Маңызды шарт!
Шарттың қолданылуының тоқтатылуы тараптарды шарт тоқтатылған күнге дейін туындаған міндеттемелерді орындаудан, сондай-ақ оларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.