«KOREM» АҚ корпоративтік сайты тиімділігін арттыруда: ақпараттық портал аудиториямен өзара байланыс орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
«KOREM» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) аудиториямен цифрлық коммуникацияның негізгі арналарының бірі ретіндегі өз ұстанымын нығайтуда.
2026 жылғы 3 тамызда Қоғамның интернет-ресурсында Ақпараттық портал іске қосылды. Бұл - нарық қатысушыларына, мемлекеттік органдарға және сарапшылар қауымдастығына Қоғам көрсететін қызметтер бойынша интерактивті статистика мен талдамалық деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін цифрлық талдау платформасы.
Ақпараттық аналитикалық порталды енгізу корпоративтік сайтқа қолданушылардың жандана қызығушылығын тудырды.
Қоғамның Ақпараттық порталын енгізу аясында корпоративтік сайтқа кіру көрсеткіштері мен пайдаланушылардың белсенділігіне мониторинг жүргізілді. Бұл ең көп сұранысқа ие бөлімдерді анықтауға, жаңалықтар мен жарияланымдарға деген қызығушылықты бағалауға, сондай-ақ пайдаланушылар арасында ең жоғары қызығушылық тудыратын ақпараттық бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдың 3 тамызы мен 30 қазаны аралығындағы деректерді талдау нәтижелері бойынша сайтқа кіру көрсеткішінің өскені, аудиторияның Ақпараттық портал бөліміне деген қызығушылығының артқаны байқалады - аталған бөлімнің қаралым саны 44 мыңды құрады. Сондай-ақ жаңа пайдаланушылар санының артқаны тіркелді (Қоғамның сайтымен алғаш рет өзара әрекеттескен немесе оны алғаш рет іске қосқан пайдаланушылар саны) - 18 мың қаралымды құрады.
Алдағы уақытта Қоғам корпоративтік сайтты жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруды, ақпараттық мазмұнның сапасына және аудиториямен цифрлық өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға ерекше назар аударуды жоспарлап отыр.