"KOREM" AҚ сіздерді 2026 жылдың екінші жартысында жаңартылатын энергия жобалары бойынша аукционға қатысуға шақырады

"KOREM" AҚ сіздерді 2026 жылдың екінші жартысында жаңартылатын энергия жобалары бойынша аукционға қатысуға шақырады

   «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2026 жылдың II жартыжылдығына жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кестесін бекіткенін хабарлайды.

   Осыған байланысты «KOREM» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды аукциондық сауда-саттықтарға қатысуға шақырады.

   Аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кезеңі:

-  25 Қыркүйек  2026 жыл;

-  25 қараша 2026 жыл;

-  26 қараша 2026 жыл

   Белгіленген қуаттардың жалпы көлемі: 170 МВт, оның ішінде:

- күн электр станциялары (КЭС) – 50 МВт;

- гидроэлектр станциялары (ГЭС) – 100 МВт;;

- биоэнергетикалық станциялар (БиоЭС) – 20 МВт.

   2026 жылға арналған аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кестелерінде, сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері объектілерін салу жоспарланып отырған резервке қойылған жер учаскелері туралы ақпарат, сондай-ақ электр энергиясын беру ұйымдарының электр желілеріне қосылу нүктелеріне қосылу мүмкіндігі туралы, оның ішінде қосылатын қуатқа және жаңа қосылымдар санына қойылатын шектеулер көрсетілген мәліметтер қамтылған.

   Барлық туындайтын мәселелер бойынша «KOREM» АҚ-ға электрондық пошта арқылы koremadm@korem.kz мекенжайына сұрау жолдау немесе +7 (7172) 982-965, +7 (7172) 982-967 телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы