Қазақстанда күн электр станцияларын (КЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша қайта өткізілген еркін аукциондық сауда-саттық өтті

Қазақстанда күн электр станцияларын (КЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша қайта өткізілген еркін аукциондық сауда-саттық өтті

2026 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймақ (Түркістан облысы) аумағында жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясын (КЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Еркін аукциондық сауда-саттық шеңберінде күн электр станциялары жобаларын іске асырудың негізгі талаптарының бірі – объектінің белгіленген қуатының кемінде 30 %-ына тең қуаттағы және осы қуатты кемінде төрт сағат бойы беруді қамтамасыз ететін энергия сыйымдылығы бар электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жабдықталуы болып табылады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға екі компания жіберілді. Сауда-саттық барысында қатысушылар тарапынан екі баға ұсынысы беріліп, ұсынылған өтінімдердің жиынтық көлемі 70 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып танылды:

  1. «DALA SOLAR» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты – 20 МВт, аукциондық бағасы – 34,60 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  2. «SharDara Solar Energy» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты – 50 МВт, аукциондық бағасы – 34,61 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттыққа бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ЗТБ және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.

Бақылаушылар электрондық сауда жүйесінің ашық әрі дұрыс жұмыс істегенін растады. Аталған электрондық сауда жүйесінің операторы – «KOREM» АҚ.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы