Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа объектілерді салу жобаларын іріктеуге бағытталған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер көрсету туралы шарт жасасу үшін:

  1. «KOREM» АҚ-ның ЖЭК және ЭУО бойынша Электрондық сауда жүйесінде тіркелу қажет.

  2. Сауда жүйесіне мынадай заңды құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:
    • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
    • Жарғының көшірмесі;
    • заңды тұлғаның бірінші басшысын тағайындау туралы заңды тұлғаның тиісті органының шешімінің көшірмесі;
    • өкілге берілген сенімхат (егер мүдделерді бірінші басшы емес тұлға білдіретін болса);
    заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы);
    • Электр желілері қағидаларына сәйкес берілген және келісілген электр желісіне қосылуға арналған техникалық шарттардың көшірмесі;
    • жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
    • Электр желілері қағидаларына сәйкес әзірленген, мәлімделген электр қуаты 5 МВт және одан жоғары электр станциясының қуатты беру схемасын Жүйелік оператордың келісу хатының көшірмесі;
    • құжаттамамен өткізілетін аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар үшін Ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен танысқаны туралы Қатысушының растау хаттары.