Шарттар жасасу
Электр энергиясының көтерме нарығы субъектісі мен электр энергиясының бірыңғай сатып алушысы орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу шартын жасасу үшін:
- «KOREM» АҚ-ға қоса берілген нысанға сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу шартын жасасу туралы хат жіберу қажет.
- «KOREM» АҚ-ның Электрондық сауда жүйесінде тіркелу қажет.
- Сауда жүйесіне мынадай заңды құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
- қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
- Жарғының көшірмесі немесе үлгілік жарғы негізінде қызметін жүзеге асыратыны туралы растау хаты (заңды тұлғалар үшін);
- қатысушының(-лардың) басшы лауазымына тағайындау туралы шешімінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
- қажет болған жағдайда, Қатысу шартына қол қоюға құқығы бар тұлғаға берілген бұйрықтың (сенімхаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
- банктік деректемелерді растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаттары (анықтамалары) (заңды тұлғалар үшін);
- жеке куәліктің көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін);
- жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін);
- цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (цифрлық майнерлер үшін).
Бұдан басқа, ұйымның нақты орналасқан жері заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректемелеріне сәйкес келмеген жағдайда, бірінші басшының қолы қойылған ұйымның немесе тұрақты жұмыс істейтін басқару органының нақты орналасқан жері туралы растайтын анықтама ұсыну қажет.