Қызметті қамтамасыз ету департаментінің қызметті қамтамасыз ету қызметінің менеджері

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:

Біліктілік талаптары:

Менеджерге қойылатын мынадай біліктілік талаптары белгіленген:

  • білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және Департамент пен Қоғамның қызмет ерекшелігіне сәйкес ішкі нормативтік құжаттары туралы білімінің болуы.

Менеджердің лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:

  • Департамент директоры мен Қоғам Басқармасы Төрағасының өкімдері мен тапсырмаларын орындайды;
  • жаңадан келіп түскен негізгі құралдарды қабылдайды, оларды түсіруді ұйымдастырады, қоймада сақтау орындарына орналастырады, сондай-ақ есепке алуды қамтамасыз етеді (түгендеу нөмірін жабыстыру, түгендеу карточкаларын қалыптастыру, негізгі құралдарды түгендеу карточкалары тізіміне енгізу);
  • материалдарды босатуға құжаттар ресімдейді, Қоғамды қажетті материалдық ресурстармен уақтылы және кешенді қамтамасыз ету мақсатында материалдарды қызметкерлердің жұмыс орындарына жеткізуді ұйымдастырады;
  • Қоғам мүлкіне түгендеу жүргізуге, сондай-ақ материалдық ресурстарды есептен шығару жөніндегі іс-шараларға (актілер, тізімдемелер дайындау) қатысады;
  • кеңсе жиһазы мен тауарлық-материалдық құндылықтардың (бұдан әрі – ТМҚ) есебін қамтамасыз етеді;
  • тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамаларын дайындайды;
  • кеңсе үй-жайларын іздеу мен таңдауды жүзеге асырады;
  • жалға берушімен кеңсе үй-жайы мен инженерлік коммуникацияларға қызмет көрсету және пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
  • қағаз түрдегі жазбаша хат-хабарларды жіберуді жүзеге асырады;
  • қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
  • Департамент директорына ТМҚ мен жанар-жағармай материалдарын жұмсау бойынша апта сайынғы есеп дайындайды;
  • Қоғам өткізетін іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсетуге қатысады;
  • жиһаздың, шаруашылық мүкәммалының және басқа да активтердің сақталуын қамтамасыз етеді, олар жойылған немесе бүлінген жағдайда оларды қалпына келтіру және жөндеу жөнінде шаралар қабылдайды;
  • қызметтік көлік жүргізушілерінің әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуін бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның қызметтік автокөлігіне техникалық қарап-тексерулердің, пайдалану қызметі көрсетілуінің және жөндеудің уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады, оны жылы тұрақпен (паркингпен), жуумен және басқа да қажетті сервиспен қамтамасыз етеді;
  • жүргізушілерге жол парақтарын береді, қызметтік автокөлікті жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді, техникалық сұйықтықтар мен мотор майларын сатып алуға жәрдемдеседі, оларды одан әрі есепке алуды, қоймада сақтауды, қажет болған жағдайда беруді жүзеге асырады, Қоғамның басқарушы персоналы мен қызметкерлеріне қызмет көрсету үшін қызметтік автокөліктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі барлық мәселелер бойынша жүргізушілермен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Қоғам қызметкерлері үшін техника және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқама өткізеді, қызметкерлердің қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

Бұл лауазым 2026 жылғы 1 тамыздан бастап енгізіледі.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаны туралы мәлімет;

6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

7) түйіндеме (резюме).

Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.

Құжаттарды 2026 жылғы 29 шілдеге (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz

Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz

Бос лауазымға орналасу конкурсы «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олар «КОРЭМ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген, олармен осы жерден танысуға болады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы