Нарықтарды дамыту департаментінің менеджері
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілік талаптары:
Менеджерге қойылатын мынадай біліктілік талаптары белгіленген:
- білімі жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және Департамент пен Қоғамның қызмет ерекшелігіне сәйкес ішкі нормативтік құжаттары туралы білімінің болуы.
Менеджердің лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:
- өз міндеттерін Департамент директорының, жетекшілік ететін басқарушы директордың және Қоғам Басқармасы Төрағасының жалпы басшылығымен және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып орындайды;
- Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындайды;
- Департаменттің жұмыс жоспарын әзірлеуге, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамды дамыту жоспары мен стратегиясын әзірлеуге қатысады;
- кеңсе шығыстары бюджетін жоспарлауға және Қоғамның мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыруға қатысады;
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның нормативтік құқықтық актілері мен ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлейді және әзірлеуге қатысады;
- Қоғамның ресми сайтында жарияланған ақпаратты Департамент құзыреті шегінде орналастырылатын құжаттардың өзектілігіне тексеру жұмысын жүзеге асырады;
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша презентациялық және анықтамалық материалдар дайындау жұмысын жүзеге асырады;
- электр энергиясының көтерме нарығының, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының, электр қуаты нарығының жұмыс істеуіне талдау жүргізеді;
- жоғарыда аталған нарықтардың жұмыс істеуінде анықталған кемшіліктерді көрсете отырып анықтамалық ақпарат дайындайды;
- Департаменттің құзыреті шегінде электр энергиясы нарықтарын дамыту мен биржалық сауда саласындағы дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін, электр энергиясымен сауда жасаудың жаңа және/немесе дамыған үлгілерін және т.б. зерделеу және талдау жұмысын жүзеге асырады;
- Қоғамның қызметтік құжаттары мен ішкі нормативтік құжаттарын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне толық және қысқартылған аудармасын жүзеге асырады, құжаттардың аударма дұрыстығын тексереді;
- Департаменттің корреспонденциясын өңдеу және жіберу жұмысын жүзеге асырады;
- Департамент директоры мен Қоғам басшылығының Департаменттің құзыреті шегіндегі басқа да тапсырмаларын орындайды.
Бұл лауазым 2026 жылғы 1 тамыздан бастап енгізіледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаны туралы мәлімет;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) түйіндеме (резюме).
Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.
Құжаттарды 2026 жылғы 13 тамызға (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz
Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz
Бос лауазымға орналасу конкурсы «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олар «КОРЭМ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген, олармен осы жерден танысуға болады.