Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің менеджері

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:

Біліктілік талаптары:

Менеджерге қойылатын мынадай біліктілік талаптары белгіленген:

  • білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) мамандығы бойынша: құқықтану немесе халықаралық құқық;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және Департамент пен Қоғамның қызмет ерекшелігіне сәйкес ішкі нормативтік құжаттары туралы білімінің болуы.

Менеджердің лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:

  • Департамент директорының, жетекшілік ететін басқарушы директордың және Қоғам Басқармасы Төрағасының жалпы басшылығымен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда өз міндеттерін орындау;
  • Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындау;
  • Қоғамның наразылық-талап қою жұмысын жүргізу;
  • атқарушылық іс жүргізуге қатысу;
  • барлық сатыдағы соттарда Қоғамның мүддесін білдіру;
  • мемлекеттік органдар алдында Қоғамның мүддесін білдіру;
  • Департаменттің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, оның ішінде «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы келіп түскен өтініштерге жауап жобаларын қарау және келісу;
  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы мәселелері бойынша шарт жобаларын, хаттар мен жауаптарды қарау және келісу;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғам қызметкерлеріне консультация беру;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілерге, ішкі нормативтік құжаттарға, шарттарға құқықтық сараптама жүргізу;
  • Департаменттің құзыреті шегінде Қоғамның нормативтік құқықтық актілері мен ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң қорытындыларын дайындау;
  • сенімхаттар беру және кері қайтарып алу жөніндегі жобаларды дайындау;
  • талап қою жұмысына мониторинг жүргізу;
  • Департаменттің құзыреті шегінде Қоғамның Корпоративтік хатшысына ақпарат беру;
  • шарт жобаларын дайындау және дайындауға қатысу;
  • Басқарма, Директорлар кеңесі, Жалғыз акционердің шешімдерінің жобаларын дайындау және дайындауға қатысу;
  • қолданыстағы заңнама бойынша құқықтық жалпыға бірдей оқытуды өткізуге қатысу;
  • Департаменттің міндеттерінен туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаны туралы мәлімет;

6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

7) түйіндеме (резюме).

Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.

Құжаттарды 2026 жылғы 28 ақпанға (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz

Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz

Бос лауазымға орналасу конкурсы «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олар «КОРЭМ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген, олармен осы жерден танысуға болады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы