Әкімшілік департаментінің аудармашы-менеджері

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:

Біліктілік талаптары:

Менеджерге қойылатын мынадай біліктілік талаптары белгіленген:

  • білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі): тіл білімі саласындағы гуманитарлық ғылымдар немесе халықаралық қатынастар;
  • қазақ тілінен орыс тіліне, қазақ тілінен ағылшын тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне, орыс тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қазақ тіліне, ағылшын тілінен орыс тіліне құжаттарды аудару және ілеспе аударма жасай білу.

Менеджердің лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:

  • Департамент директоры мен Қоғам Басқармасы Төрағасының жалпы басшылығымен және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда өз міндеттерін орындайды;
  • құжаттарды қазақ тілінен орыс тіліне, қазақ тілінен ағылшын тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне, орыс тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қазақ тіліне, ағылшын тілінен орыс тіліне аударады және ілеспе аударма жасайды. Оның ішінде қызметтік құжаттарды, ішкі нормативтік құжаттар мен басылымдарды аударады, Департаментке түскен құжаттардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудармаларының дұрыстығын редакциялайды және тексереді;
  • аудармалардың түпнұсқалардың лексикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның құжат айналымы жұмысына қатысады, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі келіп түсетін және жіберілетін хат-хабарды негізгі құжатта көрсетілген қосымшалардың бар-жоғына тексереді, сыртқы келіп түскен және шығыс құжаттарды уақтылы тіркеуді жүзеге асырады;
  • Департаменттің қарауындағы мәселелер бойынша басылымдар мен мақалалар дайындайды;
  • Қоғам өткізетін аукциондарды, сауда-саттықты, кеңестерді, іскерлік кездесулерді, семинарлар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;
  • Қоғам ресми интернет-ресурсында жарияланған ақпаратқа тексеру жүргізеді;
  • Қоғам Басқармасы мүшелерінің тиісті кестесі бойынша азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауды ұйымдастырумен байланысты жұмысты қамтамасыз етеді, аталған кестені Қоғам сайтында орналастырады, келушілерді тіркейді, Басқарма мүшелеріне қабылдауға өтініш берушілерге қабылдау күні туралы хабарлайды, сондай-ақ тиісті есепке алуды жүргізеді;
  • Қоғам қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның нормативтік құқықтық актілері мен ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлейді және әзірлеуге қатысады;
  • Қоғам басшылығы белгілеген есептілікті жасайды, сондай-ақ Департамент директорына аударылған құжаттар көлемі, азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау, басылымдар, құттықтаулар және осы лауазымның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша апта сайынғы ақпарат дайындайды.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаны туралы мәлімет;

6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

7) түйіндеме (резюме).

Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.

Құжаттарды 2026 жылғы 11 наурызға (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz

Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz

Бос лауазымға орналасу конкурсы «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олар «КОРЭМ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген, олармен осы жерден танысуға болады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы