Нарықтарды дамыту департаментінің нарықтық коммуникациялар жөніндегі менеджері
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілік талаптары:
Коммуникациялар жөніндегі менеджерге келесі біліктілік талаптары қойылады:
- білімі: экономика, менеджмент, маркетинг, қоғаммен байланыс, коммуникациялар немесе электр энергетикасы саласындағы жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- жұмыс өтілі: тиісті салаларда кемінде 2 (екі) жыл;
- ақпаратты жинау, өңдеу және талдау дағдыларының болуы, компьютерлік бағдарламаларды сенімді меңгеру, сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
- Департамент пен Қоғамның қызмет ерекшелігіне сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын білу
Нарықтық коммуникациялар жөніндегі менеджердің лауазымдық талаптарына мыналар кіреді:
- Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындау;
- өз міндеттерін Департамент директорының, Қоғамның курациялаушы басқарушы директорының және Правление төрағасының жалпы басшылығымен және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда орындау;
- жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және Қоғамның ішкі бизнес-процестерін үнемі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- электр энергиясы мен қуатының көтерме нарығының қатысушыларымен, мемлекеттік органдармен, жүйелік оператормен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және үйлестіру;
- нарық қатысушыларының өтініштерін, сұрауларын және ұсыныстарын өңдеу, ресми жауаптар дайындау;
- нарық қатысушыларымен коммуникацияны жетілдіруге және өзара іс-қимыл процестерін цифрландыруға бағытталған жобаларды әзірлеу мен енгізуге қатысу;
- нарық қатысушыларымен өтініштер мен коммуникациялар базасын жүргізу, аналитикалық және статистикалық есептілік дайындау;
- электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі бөлігінде Қоғамның қызметі туралы ақпараттық хабарламаларды, жаңалықтарды және жарияланымдарды дайындауға қатысу;
- Департаменттің құзыреті шегінде Қоғамның нарық қатысушыларымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге байланысты өзге де функцияларды орындау.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) осы Ережелердің 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;
5) тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасамауы туралы мәлімет;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) түйіндеме.
Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.
Құжаттарды 2026 жылғы 12 қазанға дейін (қоса алғанда) мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz
Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3 қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжай: koremadm@korem.kz
Бос лауазымды атқаруға конкурс "ҚЭЭБО" АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген "Электр энергиясы мен қуатының қазақстандық нарық операторы" акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олармен осы жерде танысуға болады.