Хатшылықтың баспасөз хатшысы
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілік талаптары:
Баспасөз хатшысына қойылатын мынадай біліктілік талаптары белгіленген:
- білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) мамандықтар бойынша: журналистика, менеджмент, қаржы, қоғаммен байланыс, маркетинг, құқықтану;
- тиісті салада жұмыс өтілі кемінде екі жыл;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғамның қызмет ерекшелігіне сәйкес ішкі нормативтік құжаттарын білуі, сондай-ақ ақпаратты жинау, өңдеу және талдау дағдыларын меңгеруі, компьютермен жұмыс істей білуі, әдеби тілді меңгеруі тиіс.
Баспасөз хатшысының лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:
- Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындау;
- кәсіпорынның қызмет саласына және оның құрылымдық бөлімшелеріне қатысты оқиғалар мен іс-шаралар туралы баспасөз релиздері мен басқа да ақпараттық материалдарды уақтылы дайындау;
- Қоғамның жылдық жұмыс жоспарымен бекітілген іс-шаралардың, сондай-ақ басшының тапсырмаларының (нұсқауларының) уақтылы және сапалы орындалуы;
- жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және Қоғамның ішкі бизнес-процестерін үнемі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- бұқаралық ақпарат құралдарына Қоғамның, оның Басшысының қызметі туралы материалдар дайындауда ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету;
- ақпараттық материалдарды (мақалалар, мамандандырылған бағдарламалар мен басылымдар) шығаруды жасау және қатысу;
- бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат, тікелей эфирлер, басшының сөз сөйлеуін дайындау;
- Басшы мен кәсіпорынның оң имиджін қолдау және тиісті қоғамдық пікірді қалыптастыру;
- кәсіпорынға жолданған сұрақтарды жинау мен жіктеуді, оларға жауаптарды кәсіпорынның сайтында орналастыру үшін дайындауды жүзеге асыру;
- Қоғамның нормативтік құқықтық актілері мен ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
- Хатшылықтың құзыреті шегінде Қоғамның Корпоративтік хатшысына ақпарат беру;
- құттықтау ашық хаттарын дайындау, құттықтауларға және оларды тарату жөніндегі мәселелермен айналысу;
- Қоғам Басқармасы қатысатын іс-шараларды ұйымдастыру.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаны туралы мәлімет;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) түйіндеме (резюме).
Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.
Құжаттарды 2026 жылғы 18 ақпанға (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz
Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz
Бос лауазымға орналасу конкурсы «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олар «КОРЭМ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген, олармен осы жерден танысуға болады.