Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы департаментінің жетекші менеджері

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:

Біліктілік талаптары:

Жетекші менеджерге қойылатын мынадай біліктілік талаптары белгіленген:

  • білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі): электр энергетикасы немесе экономика;
  • энергетика саласындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Департамент пен Қоғамның қызмет ерекшелігіне сәйкес ішкі нормативтік құжаттарын білуі.

Жетекші менеджердің лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:

  • Департамент директорының, жетекшілік ететін басқарушы директордың және Қоғам Басқармасы Төрағасының жалпы басшылығымен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда өз міндеттерін орындайды;
  • Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындайды;
  • Қоғам контрагенттерінің дебиторлық берешегінің жай-күйін мониторингтеу бойынша бақылауды жүзеге асырады;
  • «1С: Кәсіпорын 8.3» бухгалтерлік есепті автоматтандыру бағдарламасында «Сатып алу» (теңгерімдеуші нарықтағы электр энергиясы) және «Сату» бөлігінде бақылауды жүзеге асырады;
  • Департаменттің хат-хабарын өңдеу және беру бойынша бақылауды жүзеге асырады;
  • департаменттің өндірістік қызметіне қатысты өз жұмысын жоспарлайды;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша есептік құжаттарды дайындайды;
  • өзара есеп айырысудың электрондық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге жәрдемдеседі;
  • жетекшілік ететін контрагенттер бойынша жасалған шарттарды және оларға қосымша келісімдерді сүйемелдеуге қатысады;
  • мынадай түрдегі шарттық жұмысқа қатысады:
  1. электр энергиясы теңгерімдеуші нарығының субъектілерімен теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс дисбалансты сатып алу-сату шарттары;
  2. уәкілетті орган бекіткен үлгі нысаны бойынша теңгерімдеуші нарықтың барлық субъектілерімен қосылу шарттары.

Шарттық жұмыс деп мынадай іс-шараларды жүргізу түсініледі:

  1. шарттар жасасу (дайындау, ресімдеу, контрагенттермен талаптарды келісу);
  2. шарттардың орындалуын ұйымдастыру (оперативтік іс-шаралар, есепке алу, бақылау, барысы мен нәтижелерін бағалау);
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның жұмыс топтарына қатысады;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның нормативтік құқықтық актілері мен ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлейді және әзірлеуге қатысады;
  • Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қоғамның ресми интернет-ресурсында ақпарат жинауға, материалдарды дайындауға және орналастыруға қатысады;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғам басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаны туралы мәлімет;

6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

7) түйіндеме (резюме).

Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.

Құжаттарды 2024 жылғы 13 қарашаға (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz

Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz

Бос лауазымға орналасу конкурсы «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олар «КОРЭМ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген, олармен осы жерден танысуға болады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы