25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қорытынды еркін аукциондық сауда-саттық сәтті аяқталды

Қорытынды еркін аукциондық сауда-саттық сәтті аяқталды

2026 жылғы 25 қыркүйекте ҚР БЭЖ Солтүстік аймағында (Қарағанды облысы) жалпы белгіленген қуаты 50 МВт күн электр станциясын (КЭС) салу жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа 2 компания қатысуға жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар тарапынан екі баға ұсынысы беріліп, берілген өтінімдердің жалпы көлемі 50 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз ретінде «AA SOLAR» ЖШС танылды. Жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы — 34,60 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).

Сауда-саттыққа бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕО» ЖШС және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар операторы «KOREM» АҚ болып табылатын электрондық сауда-саттық жүйесінің жұмысының ашықтығы мен дұрыстығын растады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы