Сала жаңалықтары

12 тамыз, 2022
396

ҚР Энергетика министрлігінде Қызылорда қаласында белгіленген электр қуаты кемінде 240 МВт болатын ПМУ құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпазымен келіссөздер өтті

1 Фото
Қолданылған материалдар:

2022 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов вице-төраға Сердар Ахмет Нишли бастаған Aksa Enerji Üretim A.Ş. түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.

 Келіссөздер барысында тараптар Қызылорда қаласында бу-газ қондырғысын (ПМУ) салу жобасын іске асыру кезіндегі екіжақты ынтымақтастықтың кең мәселелерін талқылады және жобаны іске асыруды уақтылы аяқтау үшін берілген қарқынды ұстануға ниет білдірді.

 Сондай-ақ осы күні ҚР Энергетика вице-министрінің, «Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі ҚЕАО» ЖШС, «Kazakh Invest» ҰК АҚ және «Aksa Enerji Üretim A.Ş.» өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

 Кездесу барысында бірыңғай сатып алушымен («ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС) 15 жылдық келісімшарт жасасу шарттарын келісудің ағымдағы мәселелері талқыланды және бу-газ қондырғысын салу жобасын іске асыру бойынша одан әрі қадамдарды анықтау үшін қолданыстағы заңнама нормалары бойынша түсініктемелер берілді.

 Aksa Enerji Üretim A.Ş. түрік компаниясы Түркияда және шетелде мазут, табиғи газ, жел генераторлары мен су электр станцияларында электр энергиясын өндіру саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады.

 «Aksa Enerji Üretim A. Ş.» АҚ филиалы 2022 жылғы 13 шілдеде «ЭЭҚРҚО» АҚ сауда алаңында өткізілген Қызылорда облысында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды маневрлік генерациялау режимімен салу жөніндегі аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы атанды. Көрсетілген аукциондық сауда-саттық шеңберінде белгіленген электр қуаты кемінде 240 МВт болатын Қызылорда қаласында жылу энергиясын беретін бу-газ қондырғысын салуды көздейтін жоба бойынша инвесторларды іріктеу жүргізілді. Аукцион жеңімпазы 2025 жылы электр станциясын салуға міндетті.

 Өз кезегінде, инвестор үшін электр қуаты нарығы шеңберінде «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-мен ұзақ мерзімді шартқа сәйкес салынған инвестициялардың кепілдендірілген қайтарымы қамтамасыз етілетін болады.

 Аукциондық сауда-саттық шарттарына сәйкес 2025 жылы жаңа электр станциясын пайдалануға беру көзделген.