«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Сала жаңалықтары

22 қаңтар, 2018
2092

Энергетика министрлігі жасыл энергетикаға $ 2 млрд дейін инвестиция тартуды жоспарлап отыр

ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) объектілері үшін халықаралық аукциондарды өткізу Қазақстанның жасыл энергетикасына 2 млрд.долларға дейін инвестиция тартуға ықпал ететді. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес-ақпарат орталығының тілшісі. (https://kapital.kz).

«Ағымдағы жылдың сәуір-қазан айларында біздің еліміздің тарихында тұңғыш рет жалпы қуаты шамамен 1 ГВт болатын ЖЭК объектілері үшін халықаралық аукциондар өткізіледі. Болашақта бұл жасыл энергетикаға 1,5 миллиард доллардан 2 миллиард долларға дейін ивестиция тартуға септігін тигізеді деп болжауға болады», - деді Қанат Бозымбаев.

Министрдің сөзі бойынша, ірі инвестициялар тартылған жағдайда электр энергиясының құны айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Сонымен бірге, 2018 жылы жалпы қуаты 123 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 нысаны пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«Жаңартылатын энергия көздері нарығы жыл сайын өсіп келеді, 2017 жылы 1,1 млрд. КВт / сағ. өндірілді, бұл 2016 жылға қарағанда 22% артық. ЖЭК секторы, күтілгендей, қарқынды дамып келеді. Дәстүрлі электроэнергетикадан 3 есе артық. 2018 жылға деген жоспар - бұл 1,7 млрд. КВт/сағ. немесе 2017 жылға қарай 155% », - деп атап өтті бөлім басшысы.

Ол сондай-ақ, 2018 жылы жасыл технологияларды және  инвестициялық жобаларды дамыту бойынша «Болашақ энергиясы» атты халықаралық орталықтың өз жұмысын бастайтының атай кетті.

"Халықаралық даму банктары тек «жасыл» жобаларға инвестиция салу туралы шешім қабылдады, сондықтан орталықтың жұмысы осы салаға инвестиция тартуға бағытталған болады. Біздің орталықтың жұмысы шетелде үлкен қызығушылық тудыруда. Біз бірінші жартыжылдықтың соңына дейін жекешелендірілетін акционерлік қоғамдардың бірінің негізінде жұмысты (орталық - Қызыл) бастап кетуді жоспарлап отырмыз", - деп Қанат Бозымбаев жоспарлармен бөлісті.




Сауда-саттық кестесінің күнтізбесі

Хабарландыру
19 маусым, 2019
Қосымша сауда-саттық!

Құрметті электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысушылар! 2019 жылдың шілде айына жеткізумен орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған электр энергиясының қосымша орталықтандырылған сауда-саттықтың 2019 жылдың 26 және 27 маусымында өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз.

02 сәуір, 2019
«КОРЭМ» АҚ Telegram-арнаны іске қосады

Біздің клиенттеріміздің көптеген өтініштері бойынша ағымдағы жылдың бірінші сәуірінен бастап «КОРЭМ» АҚ telegram-арнасы іске қосылды, онда сауда-саттық нәтижелері туралы ақпарат, сала және Компания жаңалықтары жарияланады.

Біздің телеграмм-арнамызға жазылу үшін ұялы құрылғыңызда «Telegram» мобильді қосымшасын орнатып, тіркеуден өту қажет. Тіркелгеннен кейін Telegram-да біздің арнамызды @aokorem іздеу жолына енгізу арқылы тауып, жазылым жасау керек.

01 сәуір, 2019
Мәмілелерді тіркеуге қатысты

Егер электр орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша «сатып алушы - сатушы» жұтардың бағалары бұйрықта көзделген энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінен жоғары қалыптасса, Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген энергия өндіруші ұйымның міндеті бұзылады және демек, мұндай «сатып алушы-сатушы» жұбы сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізілімінде тіркелмейді.

Сауда-саттық нәтижелері
Мамыр 2018 2019
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар
max баға тг/кВт*сағ 7.200 7.310
min баға тг/кВт*сағ 7.200 6.390
Форвардтармен сауда-саттық
max баға тг/кВт*сағ 9.000 5.760
min баға тг/кВт*сағ 4.500 1.100
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ)
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар 2 400 27 614
Форвардтармен сауда-саттық 901 440 696 960