Сала жаңалықтары

09 қазан, 2020
1111

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвесторлардың белсенділігін арттыру үшін шаралар қабылдануда

1 Фото
Қолданылған материалдар:

Энергетика министрлігі «Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы)  дайындады, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

  1. Қаулы жобасы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
  2. Қаулы жобасында осы Қағидаларды пайдалану кезінде нақты түсіну үшін «ірі гидроэлектр станциясы» деген жаңа анықтама ұсынылады.
  3. Бұдан басқа, «Kaz PV» терминінің анық және әртүрлі түсіндірілуіне жатпайтын мазмұнын қамту мақсатында «Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізіндегі фотоэлектрлік модульдер – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген кремнийді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында орналасқан кәсіпорындарда дайындалған фотоэлектрлік модульдер» деген жаңа анықтама ұсынылады.

Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.