«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Сала жаңалықтары

24 шілде, 2019
1582
1 Фото

KAZAKHSTAN ENERGY WEEK ФОРУМЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨТЕТІН III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЭК САММИТІ

1 Фото

2019 жылы 25 қыркүйекте Қазастанның астанасында жаңғыртылатын энергия көздері бойынша ІІІ Саммит (Renewable Energy Summit 2019) – халықаралық индустриялық алаңы өтеді, оның жұмысына әлемнің түрлі елдерінен 300 астам делегат пен спикерлер қатысады.

Саммиттің мақсаты – «жаңғыртылатын» энергия көздерінің пайдаланылуын «қолдап» және «қарсы» талқылау, сондай-ақ еліміздің және бүкіл әлемдік қоғамдастықтың «жасыл» болашағын» құруға үлес қосуға танылған үздік идеялар мен тиімді шешеімдерді іске асыру.
Сондай-ақ, жоба Қазақстанға жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы әзірлеушілерді, инвесторларды және технология жеткізушілерді, сондай-ақ қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасу үшін бүкіл әлемнен жетекші мамандарды тарту стратегиялық міндетін шешеді.
Саммиттің ұйымдастырушы Қазақстанның жаңғыртылатын энергетика қауымдастығы – «жасыл» экономиканы дамытуға мүдделі компанияларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры Саммитті қоса ұйымдастырушы болып табылады.
Іс-шара Kazakhstan Energy Week 2019 (KEW-2019) жобасы шеңберінде өтеді, оны KAZENERGY Қауымдастығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен іске асырады.
Саммит спикерлері қатарында келесі сарапшылар күтіледі:
▪ Қанат Бозымбаев, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
▪ Рае Квон Чунг, Әлемнің Нобель сыйлығының Лауреаты; «Жаһандық энергия» сыйлығын беру жөніндегі Халықаралық комитеттің мүшесі
▪ Аркадий Дворкович, «Сколково» Қорының Төрағасы, ФИДЕ президенті, РФ үкіметі төрағасының экс-орынбасары
▪ Болат Ақшолақов, KAZENERGY Қауымдастығының Бас Директоры
▪ Руслана Лыжичко, Украина Халық әртісі, Таза энергия елшісі, Евровидение 2004 Жеңімпазы, Украина Радасының экс-депутаты
▪ Владимир Школьник, Энергетика, индустрия және сауда экс-министрі, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі
▪ Альберт Рау, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
▪ Дәрмен Сәдуақасов, «Dasco Consulting Group» басқарушы серіктесі
▪ Армен Арзуманян, «Болашақ энергиясы» USAID өңірлік бағдарламасының жетекшісі
▪ Рамазан Жәмпейісов, БҰҰДБ тұратқы даму департаментінің директоры
▪ Айдар Қазыбаев, «АХҚО» Әкімшілінің басқарушы директоры
▪ Марлен Ізбасханов, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры
▪ Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты Төрағасы
▪ Жомарт Момынбаев, «Заманауи Инновациялық Технологиялар» ЖШС серістесі
▪ Руслан Жемков, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры
▪ Евгений Вагарин, Rodina AG Бас директоры және негізін қалаушы, Чернобыль Күн АЭС әзірлеушісі және иесі
▪ Арман Қашқынбеков, Қазақстан Жаңғыртылатын энергия қауымдастығының бас директоры
Қатысушылар Қазақстандағы және әлемдегі жаңғыртылатын энергетиканың бірқатар стратегиялық маңызды және өзекті мәселелерін талқылайды, оның ішінде келесі тақырыптар:
▪ Жаңғыртылатын энергетика болашағы: жаһандық үрдістер мен қазақстандық тәжірибе
▪ «Жасыл» қаржы және «жасыл» экономика: Қазақстанда қандай қаржы құралдары және ЖЭК дамытудың инвестициялық мүмкіндіктері бар?
▪ ЖЭК жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық: нәтижелері мен перспективалары
▪ Best Cases: Қазақстанда ЖЭК облысындағы ең табысты жобалардың рейтингі
Сондай-ақ, Саммит шеңберінде әлеуетті инвестор ЖЭК саласындағы стартап-жобалардың арнайы таныстырады. Қазіргі уақытта қатысушылардың өтінімдерін жинау жүргізіліп жатыр, одан кейін Ұйымдастыру комитеті іс-шара шеңберінде жеке әзірлемелерін ұсына алатын ең перспективалы қатысушылардың тізімін жасайды. Осы секцияға қатысуға өтінім беру мерзімі – 1 тамызға дейін.
Қазіргі сәтте іс-шара бағдарламасы толықтырылады және жақын арада таныстырылады.
ЖЭК Саммитіне қатысуға тіркеу іс-шараның ресми сайтында - www.resummit.kz жүзеге асырылады.
Kazakhstan Energy Week 2019 форумына қатысу бойынша толық ақпарат www.kazenergyforum.com ресми сайтында қолжетімді.
2019 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорында Нұр-Сұлтан қаласында Жаңартылатын энергетика саласындағы ІІІ Халықаралық Саммиттің құрметті демеушісі: қазақстандық бизнесмен және меценат, Оралбек Ботбай, және оның SOURCENERGY компаниясы.
Қатысу, сондай-ақ демеушілік және әріптестік интеграциялар бойынша байланыс:
Ботагөз Тоқтар
M: +7 702 714 68 19
E: info@resummit.kz, botagoz@antmedia.kz
БАҚ үшін байланыс:
Дмитрий Гордиенко
M.: + 7 7-1 216 88 62
E: media@resummit.kz



Сауда-саттық кестесінің күнтізбесі

Хабарландыру
10 маусым, 2020
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚОСЫМША САУДА-САТТЫҚ!

Құрметті электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысушылар! 2020 ж. 3 тоқсанына жеткізумен электр энергиясының қосымша орталықтандырылған сауда-саттығы  2020 ж.  24 және 25 маусымында өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз.

Сауда-саттық нәтижелері
Шілде 2019 2020
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар
max баға тг/кВт*сағ 7.100 0.000
min баға тг/кВт*сағ 5.800 0.000
Форвардтармен сауда-саттық
max баға тг/кВт*сағ 5.760 1.100
min баға тг/кВт*сағ 1.100 1.100
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ)
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар 13 964 0
Форвардтармен сауда-саттық 223 200 103 920