Жаңалықтар

03 тамыз, 2021
385

«КОREМ» АҚ Сізді ҚР Энергетика министрлігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №251 «2021 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесін» бекіту туралы хабардар етеді.

1 Фото

2021 жылғы 8-12 қараша аралығында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады.

2021 жылы аукциондық сауда-саттыққа 200 МВт түрлері бойынша бөлінген ЖЭК белгіленген қуаттары шығарылды:

- күн электр станциялары (КЭС) – 20 МВт;

- жел электр станциялары (ЖЭС) – 50 МВт;

- гидроэлектростанциялар (ГЭС) – 120 МВт;

- биоотын электр станциялары (БиоЭС) - 10 МВт.

2021 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесімен Сіз біздің веб-сайтымызда таныса аласыз https://vie.korem.kz/kaz/uchastie_v_torgah/grafik/.

Барлық сұрақтар бойынша Сіз бізге электронды поштаға сұрау жіберу арқылы хабарласа аласыз vie@korem.kz немесе келесі нөмірлер бойынша: (7172)982-972, 982-970.

Сіздерді 2021 жылғы аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың арасынан көруге қуаныштымыз.