Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар М ...Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Жаңалықтар

14 мамыр, 2021
139
1 Фото

Қазақстан Республикасында ҚЭА жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға хабарландыру

1 Фото

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі барлық мүдделі тараптарды 2021 жылы қалдықтарды энергетикаға айналдыру (ҚЭА) объектілерін негізінде жұмыс істейтін генерациялайтын объектілерді, салу жөніндегі жобаларды, іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады.

Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің ресми сайтында аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінім беру мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу (https://www.gov.kz/) 2021 жылға аукциондық сауда-саттық өткізу бойынша ақпарат орналастырылды.

ҚЭА жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға дайындық мақсатында, мүдделі тараптар, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің ресми сайттарына түсіндірме ақпарат алу үшін жүгіне алады (https://www.gov.kz/), "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС (http://www.rfc.kegoc.kz/) және "KOREM" АҚ (http://www.korem.kz/).

ҚЭА аукциондық сауда-саттығына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда сіз келесі мамандармен хабарласа аласыз:

1) ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінен жауапты тұлға – Жұмағали Динара (тел.: +7 7172 740 831, 741 251, эл. пошта: d.zhumagali@ecogeo.gov.kz);

2) "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС-мен өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді алу тәртібі бойынша осы қызметкерге хабарласа аласыз - Ахметова Замира (7172) 690-106;

3) "KOREM" АҚ сауда жүйесінде тіркелу және басқа да сұрақтар бойынша, сауда және аукциондар бөліміне хабарласуларыңызға болады (7172) 982-970, 982-971, 982-972, 982-973.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін, қажетті ақпаратпен, сілтеме бойынша жүктеу арқылы таныса аласыз. Ақпарат, жарияланған күні, өзекті болып табылады, өзгерістер мен толықтырулар болуы мүмкін, анықтама алу үшін осы қызметкерге хабарласа аласыз – Жұмағали Динара (Тел.: +7 7172 740 831, 741 251 эл. пошта: d.zhumagali@ecogeo.gov.kz).



Сауда-саттық кестесінің күнтізбесі

Сауда-саттық нәтижелері
Тамыз 2020 2021
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар
max баға тг/кВт*сағ 8.500 8.650
min баға тг/кВт*сағ 8.500 8.650
Форвардтармен сауда-саттық
max баға тг/кВт*сағ 1.100 11.000
min баға тг/кВт*сағ 1.100 1.460
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ)
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар 2 280 87 144
Форвардтармен сауда-саттық 1 176 42 744