Жаңалықтар

08 желтоқсан, 2020
970

Белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт 2020 жылғы 8 желтоқсандағы КЭС жобаларын іріктеу бойынша отыз бесінші аукционның қорытындылары

1 Фото

Бүгін «KOREM» АҚ Түркістан облысы Иассы ауылдық округінің Кентау қаласында орналасқан белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станциясының (бұдан әрі - КЭС) жобасы үшін аукциондық сауда-саттық өткізді.

Аукцион өтті деп танылды. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың географиясы Ресей мен Германияны қоса алғанда, 2 елмен ұсынылған.

Аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы осы компания болды:

«HEVEL KAZAKHSTAN (Хевел Казахстан)» ЖШС (Ресей) бағасы 14.58 тг/кВтс (ҚҚС-сыз).

Шекті аукциондық баға - 16.97 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) сауда сессиясын өткізу барысында 14.1 % -ға төмендеді.

Аукциондық сауда-саттығына қатысуға 3 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 48 баға ұсынысын берді. Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттығына қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 16.97-ден 14.58 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің, «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Келесі аукцион 10.12.2020 ж. 20 МВт КЭС түрі бойынша (құжаттамамен) белгіленген.

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің 21.05.2020 ж. №202 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2020 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 250 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 55 МВт (оның ішінде 2 жоба құжаттамасы бар, әр жобаның белгіленген қуаты 20 МВт);

- жел электр станциялары – 65 МВт;

- су электр станциялары – 120 МВт; 

- БиоЭС – 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.