Жаңалықтар

21 қыркүйек, 2020
493

Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия көздері жөніндегі аукциондарға арналған вебинарлар сериясына шақыру

1 Фото

Құрметті инвесторлар!

Сіздерді «2020 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбына арналған вебинарға қатысуға шақырамыз.

Вебинарлар сериясын Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігі UNDP GEF, USAID, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы және «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қатысуымен ұйымдастырды.

Осы вебинарлардың мақсаты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру болып табылады. Вебинар аясында «Сұрақтар мен Жауаптар» сессиясы да қарастырылған.

Уақыты: 15.00-16.40

Өтетін күні: 24 Қыркүйек 2020 ж.

ZOOM платформасына тіркелу үшін сілтеме

YouTube-те онлайн трансляцияны көруге арналған сілтеме

Назар аударыңыз: ZOOM платформасындағы вебинарға алғашқы 100 қатысушы қатыса алады. Сондай-ақ, сұрақтарды KAZAKH INVEST-тің YouTube-арнасында вебинар трансляциясы кезінде тікелей эфирде қоюға болады.