Жаңалықтар

10 қыркүйек, 2020
736

ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда Ережелерінің жаңа редакциясы бекітілді

1 Фото

2020 жылғы 17 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы №287 бұйрығы күшіне енді.

Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұны мен беру тәртібін, аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытындыларды өткізу және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда – саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді (бұдан әрі-Ереже).

Ережелердегі өзгерістер:

- СЭС және БиоЭС түрлері бойынша құжаттамасыз аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының бағаларды есептеу шарттары;

- құжаттамасыз, СЭС және БиоЭС түрлері бойынша жеңімпаздардың алдын ала тізіміне енбеген аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға оферта беру.

Аукциондық сауда-саттық 2020 жылы жоғарыда көрсетілген Ережелерге енгізілген өзгерістерді ескере отырып өткізілетін болады. Аукциондық сауда-саттыққа дайындалу және қатысу кезінде Ереженің қолданыстағы редакциясын басшылыққа алуды сұраймыз.

Осыған байланысты ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының сайтында Ережелер жаңартылды. Ереженің жаңа редакциясын мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады https://vie.korem.kz/kaz/zakonodatelstvo/npa/.