Жаңалықтар

10 шілде, 2019
796

ЖЭК бойынша Қағидаларға өзгерістер енгізілді

1 Фото

2019 жылдың 8 шілдесінде «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 228 бұйрығы (бұдан әрі – Қағидалар) күшіне енді.

Осыған байланысты ұйымдастырушының сайтында Қағидалар жаңартылды, Қағидалардың жаңа редакциясын осы https://vie.korem.kz/details/ndownload.php?fn=113&lang=rus сілтеме арқылы жүктей аласыз.

Қағидалардағы өзгерістер:

  • жобаның негізгі параметрлерін қамтитын құжаттамаларсыз және/немесе құжаттамалары бар аукциондық сауда-саттықты өткізу тәртібін;
  • БиоЭС бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу шарттарын;
  • аукциондық сауда-саттықты өткізудің уақытша регламентін;
  • құжаттамалары бар аукциондық сауда-саттыққа арналған қаржылық қамтамасыз ету шамасының өзгеруін;
  • аукциондық сауда-саттық өткізу барысында өтінімдерді беру тетігінің өзгеруін көрсетеді.

         2019 жылы аукциондық сауда-саттық жоғарыда көрсетілген Қағидаларға енгізілген өзгерістерді ескере отырып жүргізілетін болады. Аукциондық сауда-саттыққа дайындалу және қатысу кезінде Қағидалардың қолданыстағы редакциясын басшылыққа алуды сұраймыз.