Жаңалықтар

19 сәуір, 2019
816

Табиғатты қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының өткізілген сауда-саттығының қорытындысы

1 Фото

Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар, «КОРЭМ» АҚ Сіздерді 2019 жылы 19 сәуірде «Казцинк» (БГЭС) ЖШС-ның қатысуымен өткен табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының өткізілген сауда-саттығының нәтижелері туралы хабардар етеді.

Орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу барысында сұраныстың жалпы көлемі – 1655 МВт, ал ұсыныс көлемі – 250 МВт құрады. Сауда-саттық нәтижелері бойынша сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізіліміне 1 мәміле енгізілді, жасалған мәмілелердің жалпы көлемі – 102 млн.кВтс құрады, мәміле бағасы – 1,1 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.