Жаңалықтар

12 сәуір, 2019
782

Орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге орталықтандырылған сауда-саттық кестесі

1 Фото

Құрметті орталықтандырылған сауда-саттық қатысушылары! Табиғатты қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу қажеттілігіне сәйкес, "КОРЭМ" АҚ орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге орталықтандырылған сауда-саттық кестесіне өзгерістер енгізілді.

2019 жылдың 15 сәуірі апта бойынша жеткізу (22.04.2019-нан 28.04.2019 дейін) сауда-саттығы өткізіледі.

2019 жылы сәуірдің 16 мен 18 аралығында табиғатты қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының қосымша сауда-саттығы өткізіледі.

2019 жылдың сәуір айының 17-нен 19-ға дейін 2019 жылдың мамыр айына жеткізу бойынша жоспарланған электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттығы 2019 жылдың 24-26 сәуіріне ауыстырылады.