Жаңалықтар

05 желтоқсан, 2018
987

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді

1 Фото

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 226 бұйрығы негізінде «Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «КОРЭМ» АҚ) орталықтандырылған сауда нарығының операторы болып айқындалды.

2018 жылғы 5 желтоқсанда «КОРЭМ» АҚ-ның сауда алаңында ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

«КОРЭМ» АҚ-да электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатына болжамды сұраныс берді – 689,3 МВт;

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тариф – 590 мың тг/МВт.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 5 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша сатылған қуаттың жиынтық көлемі 689,3 МВт құрады. Сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 2.  Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа бағасы ҚҚС-сыз айына 587,86 мың тг/МВт құрады.

Энергия өндіруші ұйымдардың сауда жүйесіне берілген өтінімдерінің жиынтық көлемі 918 МВт құрады.

ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша сатып алынатын қуаттың барлық көлемі қанағаттандырылды.

ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерімен Сіз осында таныса аласыз (сараптауға сілтеме).

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің, «ҚЭҚ» ЗТБ, «KEGOC» АҚ және «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері қатысты.