Жаңалықтар

02 маусым, 2026
354

«KOREM» АҚ 2026 жылғы қыркүйекте өтетін шағын су электр станциялары (СЭС) жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтардың кестесі бекітілгені туралы хабарлайды.

1 Фото

Осыған байланысты «KOREM» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды алдағы аукциондық сауда-саттықтарға қатысуға шақырады.

Шағын су электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтар 2026 жылғы 4 қыркүйекте өткізіледі. Жобаларды іріктеу үшін көзделген жалпы орнатылған қуат көлемі 50 МВт құрайды.

Аукциондық сауда-саттықтарды өткізу жаңартылатын энергия көздері секторын одан әрі дамытуға, энергетика саласына инвестициялар тартуға және гидроэнергетика саласындағы жаңа жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Аукциондық сауда-саттықтардың өткізілу кестесімен және қатысу шарттарымен «KOREM» АҚ-ның ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, «KOREM» АҚ-ға koremadm@korem.kz электрондық поштасы немесе келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (7172) 982-965, +7 (7172) 982-967.