Жаңалықтар

31 қазан, 2024
73

«KOREM» АҚ-да комплаенс-мәдениет және «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі бойынша семинар өтті

3 Фото
3 Фото
3 Фото

«KOREM» АҚ-да жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін комплаенс-офицер мен әкімшілік департаментінің қызметкері жүргізген онлайн семинар ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі тақырыптары сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағдарламасын, компаниядағы комплаенс-мәдениет пен этиканы, сондай-ақ азаматтардың барлық өтінішін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы – «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмысты талқылау болды.

Семинарды комплаенс-офицер Булат Баймұратұлы бастады. Ол Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жұргізілуі мен сақталуы туралы хабарлады. Комплаенс-офицер институттың регламенті мен комплаенстің қалыптасу тарихы туралы айтып берді, сонымен қатар корпоративтік этиканы дамытуға және қолдауға, ашықтықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған негізгі міндеттерді атап өтті.

Семинардың екінші бөлімін әкімшілік департаметінің менеджер-іс жүргізуші Эльвира Ерәділ өткізді. Ол қызметкерлерді «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесімен таныстырды. Маман өтініштерді қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы қалай жұмыс істейтінін, оның мүмкіндіктері қандай және азаматтармен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін қандай міндеттерді шешетінін түсіндірді. Жүйені пайдалану бойынша қадамдық нұсқауларын егжей-тегжейлі айтып берді.

Семинар жаңа қызметкерлерге комплаенс-мәдениеттің, іскерлік этиканың және азаматтар мен қоғамның сенімін нығайтуда E-Oninish жүйесін тиімді пайдаланудың маңыздылығы туралы нақты түсінік қалыптастыруға ықпал етті.