Жаңалықтар архивы

30 сәуір, 2024
384

2024 жылғы 2-3 мамырда «KOREM» АҚ базасында ЖЭК аукциондық сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу бойынша семинар өтеді

1 Фото

2024 жылғы 2-3 мамырда «KOREM» АҚ базасында Қазақстан Республикасында ГЭС және ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша онлайн-семинар өтеді.

Семинарды Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушысы және «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қатысуымен ұйымдастырды.

2024 жылғы 07 наурыздағы № 105 ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасында гидроэлектростанциялар мен жел электр станцияларын құрылысына арналған жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) жобаларын іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттық 2024 жылы 10-17 маусым аралығында өтеді.

Семинардың мақсаты - қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру.

Мақсатты аудитория - ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықтың әлеуетті қатысушылары.

Семинар бағдарламасы:

  • ҚР ЖЭК секторын дамыту туралы;
  • ҚР ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу;
  • Қаржылық қамтамасыз етуді алу ерекшеліктері және аукциондық сауда саттық жеңімпазымен шарт жасасу;
  • ЖЭК басым салалар қатарында: инвестициялық преференциялар алу мүмкіндіктері;
  • «Сұрақтар мен жауаптар» сессиясы.

 

Семинар ZOOM онлайн-конференциясы форматында өтеді:

2024 жылғы 02 мамыр (ГЭС жобаларын іріктеу бойынша) / сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша)

Тіркелу үшін:

https://us02web.zoom.us/j/89092452516?pwd=citGZ3J4QW5IcG5HcHRDdXFxb0thdz09   

 

03 мамыр 2024 (ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша) / сағат 10.00 (Астана уақыты бойынша)

Тіркелу үшін:

https://us02web.zoom.us/j/87804273083?pwd=dHNrdXVPVENJQTMvdFgyUjFSZUwwQT09

 

Анықтама телефоны: 8 (7172) 98-29-65