Жаңалықтар архивы

10 қараша, 2023
367

ЖЭК аукциондық сауда-саттығын өткізудегі теңдік, адал бәсекелестік және ашықтық

1 Фото

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №280 бұйрығы негізінде «Қазақстандық электр энергиясы және қуат нарығының операторы» АҚ (бұдан әрі - Ұйымдастырушы) аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы болып белгіленді.

Ұйымдастырушы өз қызметінде «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңын, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді қолданысқа алады.

ЖЭК объектілерін салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұны мен берілу тәртібін, аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу және қайтару шарттарын, бекітілген қорытындыларды өткізу және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен» қатаң сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі - Ереже).

Аукциондық сауда-саттық Ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесінде ашықтық, теңдік және адал бәсекелестік сақтала отырып өткізіледі. Сауда-саттық жеңімпаздары адами фактордың қатысуынсыз автоматты режимде бір кВтсағ электр энергиясы үшін ең төмен бағаны ұсынған аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар арасынан Ережеде белгіленген тәртіппен айқындалады.

Осылайша, белгілі бір адамдарға алдын-ала ұтысқа кепілдік беру мүмкін емес. Аукциондық сауда-саттықты өткізудің барлық процесі ашық.

Сауда-саттық күнінде сауда-саттыққа қатысушылар тікелей Ұйымдастырушының веб-серверінде өз қалауы бойынша бағаларды береді және электрондық сауда жүйесіне қол жеткізу кілті ретінде қатысушының паролін пайдалана отырып, аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шегінде бұрын берілген бағаларды өзгерте алады.

Сауда-саттық күнінде сауда-саттықты өткізудің ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган айқындаған 8 (сегіз) адамға дейін тәуелсіз байқаушылардың қатысуы қамтамасыз етіледі.

ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу туралы барлық ақпарат ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Аукциондық сауда-саттықты Ұйымдастырушы сенімді көздерден алынған ақпаратты пайдалануға шақырады.

 

ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі нөмерге хабарласуға болады: + 7 (7172) 982-965.

Фото: ашық дереккөздерден