Жаңалықтар архивы

23 маусым, 2023
346

«ЭҚРҚО» АҚ ұжымы VII Халықаралық «Орталық Азия және Каспий Гидроэнергетикасы» конгресіне қатысты

2 Фото
2 Фото

Астанада 2023 жылғы 21-22 маусымда 7-ші жыл сайынғы Халықаралық «Орталық Азия мен Каспий Гидроэнергетикасы» конгресс пен көрмесі өтті — бұл өңірдің гидроэлектростанцияларын салу мен жаңғыртудың бірқатар жобаларын тиімді іске асыру үшін билік пен бизнес өкілдерінің диалогы, тәжірибе алмасуы, шешімдерін іздеу және күш-жігерін шоғырландыру үшін кәсіби алаң.

Бір алаңда әлемнің 15-тен астам елінен 200-ден астам қатысушы кездесті: Орталық Азия, Каспий аймағы, Еуропа, Қытай, Түркия, Канада және басқалары.

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ халықаралық конгреске қатысты. Қоғамның Басқарма Төрағасы – Қайрат Рахимов «Өңірдің гидроэнергетикасы үшін өсу нүктелері: алдағы 10 жылда көміртегі бейтараптығына қалай қол жеткізуге болады?» индустрия көшбасшыларының стратегиялық пленарлық отырысында модератор ретінде сөз сөйледі. Алексей Доронин – «ЭҚРҚО» АҚ стратегия және даму жөніндегі Басқарушы директор –Басқарма мүшесі пленарлық сессияда негізгі спикер ретінде, Қазақстанда ЖЭК-ті дамытудың қорытындылары, әлеуеті мен жоспарлары, ЖЭК объектілерін салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша аукциондар өткізу туралы айтып берді. Сонымен қатар, Басқарушы директор аукциондық сауда-саттықты өткізудің бес жылдық жоспары туралы ақпараттандырды және ағымдағы жылы өткізілетін аукциондық сауда-саттыққа толығырақ тоқталды. Өз сөзін қорытындылай келе, спикер    «ЭҚРҚО» АҚ ынтымақтастыққа дайындығын мен ашықтығын туралы айтып, әлеуетті қатысушыларды Қазақстандағы ЖЭК аукциондық сауда-саттықтарына қатысуға шақырды. Сондай-ақ, әлеуетті инвесторлармен, стейкхолдерлермен бірқатар кездесулер өткізілді.

Екі күндік конгресс 40-тан астам ақпараттық баяндамалармен және топ-менеджменттен, техникалық басшылардан және нарықтың негізгі ойыншыларының басқа өкілдерінен эксклюзивті ақпаратпен, 30-дан астам перспективалы инвестициялық жобалар, дөңгелек үстел және ондаған сағаттық іскерлік пен бейресми қарым-қатынаспен нәтижелі өтті.

Фото: Vostock Capital UK