Жаңалықтар архивы

11 желтоқсан, 2020
1164

Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық аяқталды

1 Фото

ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша 2020 жылғы желтоқсанда аукциондық сауда-саттық табысты және нәтижелі өткізілді.

ҚР энергетика Министрлігі бекіткен 2020 жылға арналған аукциондық сауда-саттық кестесіне сәйкес электр станцияларының түрлері: ЖЭС – 65 МВт; КЭС – 55 МВт; ГЭС – 120 МВт; БиоЭС - 10 МВт бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 250 МВт жалпы көлемде аукциондар өткізілді.

Жалпы, 2020 жылғы аукциондық сауда – саттықта жалпы белгіленген қуаты 147,95 МВт ЖЭК 16 жобасы іріктелді, оның ішінде ЖЭС – 64,95 МВт, КЭС – 60 МВт және ГЭС-23 МВт, сауда жүйесінде ЖЭК барлық түрлері бойынша аукциондық бағаның төмендеуі тіркелді:

  • ЖЭС – 21,53 бастап 15,9 тг/кВтс дейін (ҚҚС-сыз);
  • КЭС – 16,96 бастап 14,58 тг/кВтс дейін (ҚҚС-сыз);
  • ГЭС – 15,2 бастап 13,48 тг/кВтс дейін (ҚҚС-сыз).

Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің заңнамалық бастамалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының тетіктерін жетілдіруге және ЖЭК секторының инвесторлары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осыған байланысты, көптеген аспектілерде осы күрделі жылы осы аукциондарға бизнес қоғамдастық тарапынан жоғары қызығушылық байқалды, аукциондарға 4 елден 27 компания қатысты: Қазақстан, Ресей, Нидерланд және Германия.

Бүкіл әлем мен біздің елге әсер еткен COVID-19 Пандемиясына қарамастан, 2020 жылғы аукциондық сауда – саттықты сәтті өткізу - бұл Қазақстан Республикасындағы ЖЭК секторының дамуына маңызды үлес қосқан Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің, USAID, БҰҰДБ, салалық қауымдастықтардың, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «KOREM» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесі.

   Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, «ҚЭҚ» ЗТБ, Еуропа қайта құру және даму банкі, USAID, БҰҰДБ және «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттық барысының барлық қатысушыларына жоғары кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі және кез келген жобаларды іске асыруға ынтасы үшін шынайы алғысын білдіреді.

«KOREM» АҚ ұжымына адал жұмысы үшін, ыждаһаты мен күш-жігері үшін, ең бастысы тамаша нәтижесі үшін жеке алғысымызды білдіреміз!

Қорытындылай келе, барлығыңызға болашақ жобаларыңызда, шығармашылық ойларыңызда, дене күштеріңізде, шыдамдылығыңызда және жаңа биіктерге жетулеріңізге сәттілік тілейміз.

 

Құрметпен, «KOREM» АҚ басшылығы.