Жаңалықтар архивы

02 маусым, 2020
952

Жұмысты қашықтықтан жасауды жалғастыру

1 Фото

Коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын тоқтату шараларын қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Санитарлық-эпидемиялық (профилактикалық) іс-шараларды өткізу туралы» 2020 жылғы 30 мамырдағы № 429 Қаулысын орындау мақсатында, «КОREМ» АҚ қызметкерлерінің 100% қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылды және тиісті іс-шараларды тиімді жүзеге асыру үшін жедел штабтың жаңа құрамы бекітілді.

Электр энергиясы нарығының субъектілері Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар нысандары мен тұрғындарын сенімді, үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында «КОREМ» АҚ электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы ретінде нарықтың барлық субъектілері үшін сауда жүйесінің жұмысын қашықтан қамтамасыз етуді жалғастыруда. Контрагенттермен барлық қажетті құжаттарға қол қою «Doculite» электрондық құжат айналымы жүйесінде ҚР ҰКО ЭЦҚ көмегімен жүзеге асырылады.