Жаңалықтар архивы

03 ақпан, 2020
1168

Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу кезінде браузерлерді пайдалану туралы

1 Фото

Құрметті сауда-саттыққа қатысушылар! 2020 жылдың 3 ақпанында жаңа Қағидаларға сәйкес «КОРЭМ» АҚ серверінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған сауда-саттықтың бағдарламалық жаса0тамасы жаңартылды. Жаңа бағдарламалық жаса0тамада жұмыс орындарының қауіпсіздігі мен тұрақтылығының талаптары артты.

Атап айтқанда, Microsoft корпорациясы өзінің Internet Explorer фирмалық браузерін қауіпсіз деп танып, оны негізгі веб-шолушы ретінде пайдаланудан бас тартуға кеңес берді. Тиісті мәлімдемені Microsoft киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Крис Джексон (Chris Jackson) Windows IT Pro блогында жариялаған жазбада жасады. Джексон Internet Explorer браузерін әдепкі браузер ретінде пайдаланбауға шақырып, оның толық қолдауының 2015 жылы тоқтатылуы, IE мұрагері Edge браузерінің шығарылуымен бір уақытта болды.

Сондықтан, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған сауда-саттықта өтінімдер беру проблемаларын болдырмау үшін «КОРЭМ» АҚ Microsoft Internet Explorer браузерінің орнына Microsoft Edge немесе Google Chrome, Mozilla Firefox, Apple Safari сияқты басқа браузерлердің өзекті нұсқаларын немесе олардан туындайтын нұсқаларын пайдалануды ұсынады.