Жаңалықтар архивы

15 қараша, 2019
818

Құрметті орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар!

1 Фото

«КОРЭМ» АҚ орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу кезінде сауда жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастырын отырғанын хабарлаймыз.

Спам-боттардан және символдарды машиналық танудан қорғаныс механизмі ретінде электр энергиясын сатып алуға/сатуға өтінім беру түрінде captcha түрі өзгерді.

«КОРЭМ» АҚ бағдарламалық жасақтамадағы өзгерістерге байланысты орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушы сауда-саттық операторы үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар жаңартылды. Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу кезінде қателерді болдырмау үшін орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына әдістемелік нұсқаулықтармен мұқият танысуды ұсынамыз.

Сауда жүйесінде электр энергиясын сатып алуға/сатуға өтінім берудің жаңартылған нұсқасына көшу 2019 ж.15 қарашада Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағ. 18-00-де жүзеге асырылды.

орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар «КОРЭМ» АҚ сайтындағы (www.korem.kz) «Заңнама – Сауда-саттық бойынша құжаттар-Сауда-саттық операторы үшін сауда жүйесіндегі жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» бөлімінде орналастырылған.