Жаңалықтар архивы

01 сәуір, 2019
2088

Мәмілелерді тіркеуге қатысты

1 Фото

Соңғы уақытта орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінен жоғары мәмілелерді қалыптастыру жағдайлары тіркелді.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында электр энергиясын сатып алу-сату бойынша жасалған мәмілелерді тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығымен бекітілген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру Қағидаларының 48-тармағына сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтары барысында жасалған мәмілелер орталықтандырылған сауда-саттық операторы сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізілімінде тіркеген сәттен бастап жасалған болып есептеледі. Мәміленің жасалғанын растау нарық операторының өткізілген сауда-саттық нәтижелері туралы хабарламасы болып табылады, онда сатылған (сатып алынған) электр энергиясының көлемі, бағасы, жеткізу кезеңдері көрсетіледі.

Осыған байланысты орталықтандырылған сауда нарығының операторы келесіні хабарлайды. Егер электр орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша «сатып алушы - сатушы» жұтардың бағалары бұйрықта көзделген энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінен жоғары қалыптасса, Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген энергия өндіруші ұйымның міндеті бұзылады және демек, мұндай «сатып алушы-сатушы» жұбы сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізілімінде тіркелмейді.